Жастар қоғамның қозғаушы күші

144

«Жастар қоғамның қозғаушы күші». Бүгін Шымкентте осындай атаумен жастар саясаты жөніндегі кеңес өтті. Жиында жалпы нәтижелер, жастардың дамуы мен шешімін таппай жүрген мәселелер айтылды.

Шымкентте бүгін «Жастар қоғамның қозғаушы күші» атты кеңес өтті. Жалындаған жастар мінберде сөз сөйлеп, аз уақыт ішінде жеткен жетістіктерін айтып, дүйім жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Соның бірі – Ғалия Зайдинова. Ол осыдан бір жыл бұрын мемлекетті бағдарламаның грант иегері атанып, қазіргі таңда өз кәсібін әрі қарай дөңгелетіп отыр.

Ғалия Зайдинова, «Missis English» оқу орталығының директоры: «Грант ұтқан соң қаржыға өткен жылы қараша айынан бастап өз курсымды аштым және менің орталығым 1 жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Және 1 орталық емес, қалада бізде 3 орталық бар. Қазіргі уақытта менде 3 маман жұмыспен қамтылып, жұмыс істеп жатыр».

Бүгінде жастар орталығы арқылы 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Ал бұл бағыттағы бағдарламалар нәтижесінде 16000-дай жас екі қолға бір күрек тапқан.

Ерлан Айтбаев, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» басшысы: «Бүгін біз 3 тақырыпты кеңінен алдық. Ол біреуі – жұмыссыздық, екіншісі – тұрғын үй, үшіншісі – кәсіпкерлік. Яғни, баспана жастардың арасындағы өзекті мәселелердің бірі. Екіншісі жұмыссыздық мәселесі ол да жоқ емес, ол да бар. Жұмыссыз жүргеннен гөрі кәсіп ашып, кәсібін ары қарай дөңгелетсе, осы бағыттарды бүгін біз кеңінен насихаттап отырмыз».

Шымкент қаласында жалпы халықтың 21,7 пайызын жастар құрайды. Биыл қала әкімінің бастамасымен 4 ауданда Жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылды. Орталық жанындағы 15 үйірмеде мыңға жуық жастар қатысып түрлі бағыттарда өздерін шыңдау үстінде.

Әлихан Файзханов