Қазақстан экономикасы пандемиядан кейін қайта көтерілді

136

Биыл өңделген тауар экспорты 25 жарым пайызға артты. Бұл туралы Үкімет басшысы Сенат отырысында мәлім етті.

Асқар Маминның айтуынша, отандық өнім шетелде жоғары сұранысқа ие. Яғни, Қазақстанда ел экономикасы қалпына келіп жатыр. Мұны халықаралық қаржы институттары растады. Олар еліміздің несиелік рейтингін төмендеткен жоқ.

Премьер-министрдің айтуынша өткен 10 айдың көрсеткіштері бойынша ел экономикасы 3,5 пайызға өсті. Соның ішінде негізгі драйверлер: өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және шетелдік инвестициялар өсті.

Тау-кен саласын ескермесе, негізгі капитал 14 пайызға өсті. Былтыр да осы көрсеткіштер өсті.

Шынар Оразова