Балалар оңалту орталығында өрт шықты

215

Ақпан батыр көшесіндегі балалар оңалту орталығында өрт оқиғасы орын алды. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері анықтағандай, екі қабатты жеке үйдің шатыры жанып кеткен. Тілсіз жау тез арада ауыздықталды.

Өрт 10:57-де оқшауланып, 11: 26-да толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 5 қызметкер мен 6 бала өз бетінше қауіпсіз орынға шықты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жану себебі анықталады, дейді сала жауаптылары.