Депутаттар: «Ұлттық компаниялардың шетелдегі активтерін елге қайтару керек»

233

«Ұлттық компаниялардың шетелдегі активтерін елге қайтару керек». Мәжілісте осындай бастама көтерілді.

Депутаттардың айтуынша, ұлттық компаниялар шетел экономикасын инвестициялап, қаржысын сонда сақтауға әуес. Мәселен, «Байтерек» холдингінің еншілес компаниясы «QazTech Ventures» Сингапурда түрлі стартап жобаларды дамыту үшін 10 миллион доллар инвестициялаған. Керісінше, Қазақстан экономикасын дамытуы тиіс ұлттық компаниялардың мұндай әрекетін депутаттар түсінбей отыр.
Айтуларынша, еліміз де инвестицияға мұқтаж. Сол үшін ұлттық компаниялардың шекара сыртындағы активтері жайлы мәліметтерді жария етіп, қаржыны Қазақстанға қайтару керек,- дейді.
 
Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Бұл қаражат ел ішінде әлдеқайда көп пайда әкеледі. Сыртқы қарыз деңгейінің төмендеуіне, жергілікті стартаптардың және басқа да қажетті жобалардың дамуына ықпал етеді. Осыны есере отырып, біздің ұлттық компанияларымыз соңғы 10 жылда шетелде қандай активтерге иелік еткені және басқа елдердің экономикасына қанша қаражат инвестицияланғаны туралы мәлімет беруді сұраймыз».
Шынар Оразова