Кімнің жалақысы жоғары?

115

Қазақстанда ер адамдардың айлық табысы әйелдерге қарағанда 22% көп. Бұл туралы Energyprom жазды. Ақпарат ресурсы биыл елдегі әйелдердің орташа номиналды айлығы қанша болғанын есептеп, ерлердің айлығымен салыстырған.

«Биыл әйелдердің орташа номиналды жалақысы 202,3 мың теңге болды. Салыстырсақ, ерлердің көрсеткіші 246,3 мың теңгеге жеткен. Бірдей салада жұмыс істейтін ерлер әйелдерге қарағанда 21,7% жоғары жалақы алады. Әсіресе балық аулау және аква шаруашылықта (70,7%), қаржы және сақтандыру қызметінде (46,6%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (31,2%), тау-кен өнеркәсібінде (27,2% айырмашылық жоғары», – деп жазылған талдауда.

Шынар Оразова