Министр: «Бензин құнының келер жылы қандай болатынын нақты айта алмаймын»

214

Елде келесі жылы бензин қымбаттай ма? Министр бұл сұраққа да жауап берді. Ведомство басшысы жанармай бағасы мұнай бағасына тікелей байланысты екенін айтты. Сондықтан, оның құны келесі жылы қандай болатынын нақты дөп басып айта алмаймын деді. Бір анығы, елде әзірге жанармай тапшылығы байқалмайды. 240 мың тонна жанармай қорын жасақтап қойған көрінеді.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі: «Бүгінгі таңда жанармай бағасының қымбаттауына негіз болатын үлкен алғышарттар жоқ. Дегенмен, бензин бағасының қалыптасуына мұнай бағасы да әсер ететінін ұмытпау керек. Кейінгі аптада бір баррель мұнайдың бағасы 10% немесе 71 доллардан 78 долларға дейін өскенін көріп отырмыз. Сондықтан жанармай бағасын болжау – берекесіз шаруа. Өйткені біз мұнай бағасының қалай болатынын білмейміз».

Шынар Оразова