Шымкент: Ерекше балаларға жаңа жылдық сыйлық берілді

267

Шымкентте 18 жасқа дейінгі барлық мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар таратылуда. Мерекелік сый қала әкімінің қолдауымен демеушілер есебінен ұйымдастырылған.

Бүгінде 6 439 ерекше балаға арналған сыйлықтар мен тәттілерді қаладағы 4 аудан әкімдіктерінің өкілдері үлестіруде. Сондай-ақ, мегаполистегі«Оқушылар сарайында» 150 көпбалалы отбасы бүлдіршіндеріне де сыйлық табыс етілді.

Мөлдір Ибадуллаева