Úı ANONS Жетісайда автобөлшек базары өртенді

Жетісайда автобөлшек базары өртенді

Бүгін Жетісай қаласында С. Малдыбеков атындағы автобөлшек базары өртке оранды. Төтеншеліктердің мәліметінше, жалынның көлемі сауда нысанының төрттен бір бөлік аумағын шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 дана өрт автокөлігі мен 25 қызметкер жұмылдырылған екен. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Жүсіп Ілиясов, Жетісай аудандық ТЖ бөлімінің қызметкері: «2021 жылы сағат 13:31 минутта Жетісай қаласы Яссауи көшесінде орналасқан «С.Малдыбеков» атындағы автобөлшек базарында өрт болып жатқаны жөнінде хабарлама түсті, өрт автокөлігі сағат 13:37 минутта жетті. Жалпы көлемі 1000 квадрат метр автобөлшек базардың 288 кв. метрі жанды. Зардап шеккен ешкім жоқ».

Әлихан Файзханов