Оқиға орнынан шопанның денесі табылған: Түркістан облысында 1 150 қой тірідей жанып кетті

101

Түркістан облысында болған өрттен мыңнан астам қой қырылды, деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 31 қаңтарда сағат 7:15-те Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенген.

Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп жиналған екен.

Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға болған жерден қойшының мәйіті табылды.

Өрт сағат 10:23-те сөндірілді. Өрт аумағының жалпы көлемі анықталып жатыр.