Кәсіпкерлік қызметті жасырын жүргізетіндер жауапқа тартылады

102

Кәсіпкерлік қызметті жасырын жүргізу арқылы табыс тапқан жеке тұлғалардың мәліметі 2025 жылдан бастап кірістер органына беріледі. 3 ай ішінде есепшотына ай сайын 100 және одан да көп адамнан ақша түссе, екінші деңгейлі банктер мобильді аударым туралы ақпаратты жауапты органға жіберуге тиіс.

Биыл мемлекеттік қызметкерлер мен оның жұбайы, келер жылы бюджеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор маманы, 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер тексеріледі. Жаңа ереже салық төлеуден жалтарып жүргендері анықтау үшін енгізілді.

Шынар Оразова