Мемлекет қазынасына 11 трлн. теңгеге жуық салық түсті

87

2021 жылы  мемлекет қазынасына 11 трлн. теңгеге жуық салық түсті. 2020 жылмен салыстырғанда ол 25 пайызға артып, 2 трлн. теңгеге өскен. Кірістер комитетінің мәліметінше, салықтың өсуіне шикізаттың қымбаттауы, үшінші елдермен тауар айналымының өсуі, онлайн бақылау-касса машиналарынан пайданың артуы әсер еткен.

Былтыр өңірлердің бюджетіне 3 трлн. 666 млрд. теңге түсіпті. Жалпы республикалық бюджетке мұнайға салынған табыс салығынан 533 млрд. теңге аударылған. Қара алтынмен қатар, салықтың көп мөлшері экспорттық кеден бажына, импортқа қосылған құн салығына, пайдалы қазбаларды өндіру саласына да тиесілі.

Шынар Оразова