Қала әкімі халықты алдап, теріс ақпарат таратып жүрген кәсіпкерлерді қатаң сынға алды

142

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі бизнес өкілдері және қалалық басқарма басшыларымен кездесу өткізді. Жиында кәсіпкерлік саласындағы мәселелер тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Шаһар басшысы импортқа тәуелділікті барынша азайту, халықтың әл-ауқатын арттыру секілді проблемаларды шешу үшін берілген тапсырмалар тыңғылықты орындалуы қажет деді.

СЮЖЕТ: АЛИХАН ЗАГ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ ИНСТ: «СУБСИДИЯ АЛАДЫ, БІРАҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖОҚ» ЗКТ:

Осыдан 2 апта бұрын Мемлет басшысы елдегі ірі бай-бағландармен кездесу өткізіп, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында оларға ел игілігі үшін байлықтарымен бөлісуге шақырған еді. Бүгін қаладағы кәсіпкерлер және басқарма басшыларымен кездескен Шымкент әкімі оларға жиған-тергенін жұртпен бөліспесе де, бұқараның базынасына құлақ асуға шақырды. Сондай-ақ, халықты алдап, теріс ақпарат таратып жүрген кәсіпкерлерді қатаң сынға алды.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қазір елді мекендерге газ құбырларын тартып беріп жатырмыз, айтпайды да шындығын біреуі 6-7 мың алыпп алады да, мыңын қолданып отырады. Қалғанын бермейді ғой тағы. Бизнес тарапынан шындық жоқ, түсіністік жоқ».

Жиында шаһар басшысы елдегі кәсіпкерлердің жіберіп жүрген бірқатар кемшіліктерін де атап өтті. Олардың кәсіп бастағанда беталды субсидия ала беретінін, алайда бәсекелестік қабілеті мүлдем жоқ екендігін атап айтты.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Ең бастысы біздің қазақтың бизнесмендері мемлекет беретін субсидияға отырып алған, бәсекелестікке жоқ. Ертең субсидия алып қалсаң болды, өндіріс жабылады. Ол болашақта жақсылыққа алып келмейді».

Мұрат Әйтенов тұрғындарды толғандырған тақырыптарға да тоқталды. Шалғайдағы шағынауданда жарық пен газға қатысты мәселе жиі туындайтынын ескеріп, сала жауаптыларына міндеттемелер жүктеді.

Нұрдаулет Әбдусаттаров, кәсіпкер: «Бірінші көтерілген сұрақ газ мәселесі жайлы. Оны коррекциялау жайында кәсіпкерлерге өте маңызды. Өйткені, біз ауа-райына ешқандай кепілдік бере алмаймыз. Қыс қатты болса, әрине, газ қолдану жоғары болады. Әрине қадағалау керек, Мұрат Әйтенов айтып кеткен кейбір кәсіпкерлер өздерінің талап-шарттарында көп көрсетіп, одан аз қолданады».

Сөз соңында қала әкімі жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен нысандардың қалыпқа келетінін айтты. Ал кейбірі қазір де жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ ол, шағын және орта бизнес бастаған кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеміз деді.

Әлихан Файызханов