Шымкент өнімдері 9 елге экспортталып жатыр

70

Шымкент экспорттаушы аймақтар қатарында алғашқы бестікке енді. Осы кезге дейін мегаполистің дайын өнімдері 6 мемлекетке шығарылған болса, қазір оның саны 9-ға өсті.

Өткен жылы Грузия мен Украинаға трансформаторлар, ал Беларусь еліне жиһаз және төсек-орын жабдықтары алғаш рет жеткізіле бастады. Және тағы төрт көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы көшбасшылар үштігіне кіреді.

Өткен жылы 23 жаңа дайын тауарлар ды экспорттаудан ел бойынша 3-ші орын және 5 жаңа шикізат тауарларынан да алғашқы үштікке енді.

Айта кетейік, қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығарады. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 905 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде, экспорт – 573,5 млн. АҚШ долларын құрап тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға өсті.

Жанерке Хумар

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz