Шымкентте екі қабатты ғимарат өртке оранды

64

Еңбекші ауданы, Жібек жолы көшесінде орналасқан екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды ОТЫРАР Шымкент қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Жалпы ауданы 750 шаршы метр болатын ғимараттың екінші қабатындағы наубайхана мен шатыры жанып кетті. Қызыл жалын сағат 17:14 шамасында ауыздықталып, 17:33-те толығымен сөндіріліді. Өрт 210 шаршы метр аумақты қамтыды.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық ТЖД жеке құрамыны 31 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.