Тауарға ілеспе жүк құжатын толтырмауға кімдерге рұқсат етіледі?

179

Бөлшек саудамен айналысатын салық төлеушілер тауарға ілеспе жүк құжат толтырмайды. Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, мұндай кәсіпкерлер акциздік өнімнен басқа тауарларды растауға міндеттелмейді.

Ал сатушының виртуалдық қоймасынан 30 күн өткен соң автоматты түрде шағарылады. Бұл мәселе қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұған дейін кәсіпкерлер палатасының өкілдері тауарға ілеспе құжат дайындаудан босатуды сұраған. Олар қосымша ауыртпалық жұмысты тежейтінін айтқан.

Ал кірістер департаменті мамандарының сөзінше, бұл көлеңкелі тауар айналымының алдын алу үшін керек.

Шынар Оразова