Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабта кеден саласындағы мәселелер қаралды. Кедендік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев баяндады.
Бүгінгі таңда Қытаймен шекарадағы «Алтынкөл» және «Достық – Теміржол» теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Қазіргі таңда 5 автожол өткізу пунктінің 4-і ашық және жүктерді қабылдап жатыр. «Қалжат» өткізу пункті бүгінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚХР жағынан жабық тұр. Тараптар Қалжат-Дулаты қызметін қайта бастайтын нақты күндерді келісіп жатыр», — деді ҚР қаржы бірінші вице-министрі.
Үкімет Қытайдан Қазақстанға «Нұр жолы» өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешті, ал электрондық кезек ретке келтіріліп жатыр. Бұл орайда жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді.
Шынар Оразова