Түркістанда үшем дүниеге келді

122

Түркістан облысының №1 перинаталдық орталығында 33 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді. Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалған болатын.

Набат Садыкбекова №1 облыстық перинаталдық орталығында үш ұл босанды.
Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1850 гр, 1490 гр, 1550 гр болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға дайын.