Мемлекеттің сыртқы қарызы 22 трлн. теңгеге жеткен

137

Үкімет сыннан нәтиже шығаруға уәде етті. Сенат төрағасы мемлекеттің сыртқы қарызына қатысты пікір білдірді.

Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 22 трлн. теңгеге жеткен. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы мәселені бюджетті қарастыру кезінде тағы бір ескереміз,-деді.

«Бұл аса күрделі мәселе. Біз былтырда мемлекеттік қарыздың өскенін сынаған болатынбыз. Үнемі көтереміз. Соған орай,  үкімет жағдайды бақылауға алуға сөз берді. Бюджетті талқылау аясында аталған түйткілді қайта қарастырамыз,-  деді Мәулен Әшімбаев.

Шынар Оразова