Қант пен астықты экспорттауға тыйым салынды

62

Наурызда  азық-түлік 12,6 пайызға қымбаттады. Бұған төңіректегі геосаяси жағдай себеп. Ал екінші фактор – Өзбекстан мен Пәкістаннан биылғы өнім келіп жатыр. Сондықтан, баға біршама өскен. Мұны сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков мәлімдеді

Айтуынша, әсіресе картоп пен қырыққабат қымбаттаған. Кейбір өңірде тіпті әлеуметтік азық-түліктің құны 100 пайызға дейін өскен. Қазір енді бағаны тексеретін топтың құрамы кеңейтілді. Бұрын 2-3 адам ғана болса, қазір  топта 10 шақты адам бар.

Өткен аптада аймақтарда бағаны негізсіз өсірудің 200-ден астам жағдайы тіркелген. Енді картоп, май, ірі қараны шетелдерге шығаруға шектеу қойылса, қант пен астықты экспорттауға тыйым салынды.

Шынар Оразова