Қаратау ауданында 2025 жылға дейін 466 көшеге асфальт төселеді

90

Қаратау ауданында 2025 жылға дейін 466 көшеге асфальт төселеді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан тұрғындарымен болған кездесуде осылай деді.

Қала басшысының сөзінше, алдағы төрт жылда ауданда ұзындығы 441,2 шақырым жолға асфальт төселеді. Ал, өткен жылы 61 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, Қаратау ауданында барлығы 1272 көше бар, оның 11-і магистралды, ал 1261-і ішкі орамдық көше.

Гүлдана Дәурен