Шымкентте биыл егіс алқаптарынан 90,1 тонна өнім жиналады

138

Биыл Шымкентте егіс көлемін 29,8 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары әкімдіктің инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.

Абунасыр Джанбатыровтың айтуынша, биылғы егіс көлемінің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 0,5 мың гектарға артық. Ал 2022 жылы егіс алқаптарынан 90,1 мың тонна өнім жиналады деп жоспарлануда. Сала жауаптылары оның басым бөлігі мал азығына тиесілі екенін айтады.

Атап айтқанда, 14,5 мың тонна дәнді дақыл, 2,8 мың тонна майлы дақыл, 51 мың тонна көкөніс және бақша өнімдері, 3,6 мың тонна картоп, 18,2 мың тонна мал азықтық дақылдары.

Ал, егін өнімділігін арттыру мақсатында минералды тыңайтқыштар мен тұқым шаруашылығын дамыту және пестицидтердің, биоагенттердiң құнын субсидиялауға қаржы бөлініп отыр.
                                                                                            Мөлдір Ибадуллаева