Түркістан: Сайрам ауданында жеке кәсіпкер 4 мектеп салып жатыр

86

Түркістан облысы, Сайрам ауданында жеке кәсіпкердің қолдауымен 4 мектеп салынып жатыр. 1200 балаға арналған әр мектептің құны 1,5 млрд теңгені құрайды.

Қаңтар айында құрылысы басталған білім ұялары биылғы оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Барлық мектепте оқушылар мемлекеттік бағдарлама аясында ақысыз білім алады. Сондай-ақ, ол тегін тасымалдау қызметімен, ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, облыста 945 мектепте 500 мыңнан астам бала оқиды. Былтыр бюджет есебінен 78 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 44 мектептің құрылысы аяқталған.

                                                                                        Гүлдана Дәурен