Түркістан облысында жеке үйлердің бірінде өрт шығып, салдарынан екі бала қаза тапты.
Қайғылы жағдай Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауылында болған. Кешкі уақытта ауданы 255 шаршы метр шығатын екі қабатты тұрғын үй толығымен жанған.
Өрттің салдарынан бірінші қабаттың 60 шаршы метр төбесі опырылып түсіпті. Оқиға орнынан 2007 –нші және 2009 жылы туған екі жасөспірімнің мәйітін табылды , деп хабарлады төтеншеліктер. Қазір қызыл жалынның тұтануына нақты себеп болғанын мамандар анықтап жатыр.