Түркістанда заманауи үлгідегі теннис орталығы ашылды

133

Түркістан қаласында жаңа теннис орталығы ашылды. Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский және 14 жасқа дейінгілер арасында әлемнің үшінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы қатысты.

Ю.Польскийдің атап өткеніндей, Қазақстанда теннис спорты кең қанат жайып келеді. Оған дәлел – Түркістандағы тамаша орталық.

Юрий Польский, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті: «Қазіргі заманғы кешенде төрт жабық және үш ашық корт бар. Орталық жаңа әкімшілік ауданында орналасқан. Онда басқа да спорт нысандары орын тепкен, біртұтас спорт кластері деуге болады. Осыған дейін барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар және ірі қалаларда теннис орталықтары бой көтерген еді. Енді, міне, Түркістанда сондай ғимарат тұрғындар игілігіне беріліп отыр. Қаланың түрлі аудандарында қазірдің өзінде он корт бар, онда балалар да тенниспен айналысады. Бапкерлер базасы жұмыс істейді. Мұның бәрі өңірде теннистің дамуына игі септігін тигізетіні сөзсіз. Елімізде жалпы корттар саны 400-ден асады».

Шынар Оразова