Дендросаябақта өрт шықты

105

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік пунктіне 2022 жылғы 19 шілдеде сағат 18:55-те Әл-Фараби ауданында орналасқан «Дендросаябақ» аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жетіп келген алғашқы өрт сөндіру бөлімдері саябақ аумағындағы құрғақ шөп жанып жатқандығын анықтады. Өрттің көлемі 0,25 га құрап, оны сөндіруге Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Өрт сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.31-де толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшгілік жауапкершілікке тартылады.
Жаз айларында елді мекендерде орын алатын құрғақ шөп өрттерінің салдары егін алқаптарға, саябақтарға өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан азаматтар немесе объектілердің иелері кінәлі болып табылса, жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.