Көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді

57

29 тамызда сағат 09:47-де «101» диспетчерлік қызмет пультіне Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Республика даңғылы бойындағы №35 көпқабатты тұрғын үйдің 3 және 4 қабаттарында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері үйдің 1-4-ші қабаттарының сыртқы пластик қаптамалары мен шатырының өртенгенін анықтады. Сондай-ақ сол үйде пәтерлердің бірінде 8 ш.м. тұрмыстық заттар өртенген.

Өрттің жалпы ауданы 288 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт 10.39-да оқшауланып, 11.48-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт сөндірушілер 35 адамды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала, 2 адам құтқарылды.

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 57 адамы мен 7 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылған.