Түлкібас ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

110

Түлкібас ауданына қарасты Абайыл ауылының жастары биылғы оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды. Өйткені, ауылда 100 балаға шақталған заманауи мектеп пайдалануға берілді.

ҚР Конституция күні қарсаңында ҰОС ардагері, ұлағатты ұстаз, ауданның құрметті азаматы Нұрлыбай Қасымбеков атындағы мектептің ашылу салтанаты өтті. Айта кетейік, Нұрлыбай Қасымбековтің ұрпақтары жаңа білім ордасының компьютер сыныбын толық жабдықтап, мектеп кіреберісін аббатандыруға және мектеп ауласына спорт алаңшасының бой көтеруіне демеушілік жасап отыр.