Сайрамдықтар нарықта сұранысқа ие цитрустық жемістерді өндіруде

54

Биыл Түркістан облысындағы ауыл еңбеккерлері мол өнім алуды жоспарлауда. Сайрам ауданының шаруалары жылыжайда тек бақша өнімдерін ғана емес цитрусты жемістер егуді де қолға алыпты. Қарасу ауылдық округіндегі лимон өсіретін серіктестіктердің бірі биыл алғашқы өнімді алуды жоспарлауда.

30 соттық жер алқабында бой көтерген жылыжайда жайқалған мына лимон ағаштары осыдан бес жыл бұрын отырғызылған. Тәшкент сұрыпынан 300 түп лимон көшеттері уақтылы дәрументер мен тыңайтқыштармен қоректендіріліп, зиянкестер мен түрлі ауруларға қарсы жасалған күтімнің арқасында жетіліп, биыл мол өнім жинауды жоспарлаудамыз. Цитрустардың баптауды тәжірибелі агрономдардан үйреніп жатырмыз дейді шаруа.
Немат Абдуллаев, Сайрам ауданының тұрғыны: «Үйреніп жатырмын. Қазақстанымызда осындай жемістер көп өсірілісін. Оны үйренген соң Түркістан облысындағы шаруашылықтарға үйретеміз, оларға көшеттер дайындаймыз».

Өнімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар тоқтаған емес. Енді міне ауа райы салқындаған тұста ең маңыздысы жемістерді үсікке ұрындырмай, қарашада жақсы өнім алуымыз керек дейді жылыжайдағылар. Айта кетейік, бұл жұмысты жолға қоюға 115 млн. қаржы жұмсалған.

Шымырхан Мудуаров, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының кәсіпкерлік  саласы бойынша  бас маманы: «Қарасу ауылдық  округінде 1 мың 300 гектар егістік жеріміз бар, 20 гектар жылыжай . Бұл жылыжай  шаруашылығына  электр жарығымен көмектестік».

Ауыл тұрғындары цитрустық жемістің күтімін меңгеріп алған соң, лимон көшеттерінен бөлек өзге де өңірге таңсық будан, банан түрлерінің көшетін көптеп дайындауда. Олардың пайымдауынша шаруалар түрлі өнімдерді қаншалықты көптеп отырғызса, аймақта жұмыс орны да ауыл шрауашылығы өнімдері де жеткілікті болады.