Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

41

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, биыл облыстық бюджет есебінен былтырғы жылы басталған Оразалы ата, Қызылорда, Телемұнара, Оспанов, Жеңістің 45 жылдығы, Өндіріс, Шымкентбаев, Ақтөбе, Ортатөбе, Сарайшық, Арал, Қошқарбаев, Нұр көшелерінің жалпы ұзындығы 14,2 шақырымына орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.

Ал, Өркениет, Келешек, Асаубаев, Талас, Күлтегін, Өзкент, Сандыбаев, Достар, М.Әуезов, Қарқаралы, Ортатөбе, Тайтөбе, Зайсан, Жетіқара, Орталық, Аспара, Аққұм, Ақжайық көшелерінде құрылыс жүріп жатыр.

Ал аудандық бюджет есебінен қала аумағындағы жалпы ұзындығы 7,2 шақырымдық 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.