Тұтынушылық несие алушылар көбейген

57
фото inbusiness.kz

Елімізде тұтынушылық несие алушылар көбейген. Ұлттық банктің дерегі бойынша, берешектің бұл түрі бойынша қазақстандықтар банктерге 6 триллион 800 миллиард теңге қарыз.

2017 жылы бұл көрсеткіш 2 триллион 700 миллиард теңге еді. Яғни, смартфон немесе өзге де тауарларды несиеге алатындар күрт көбейіп, қарыз көлемі 5 жылда 4 триллион теңгеге артқан.