Шымкентте барлық салада өсім бар

60

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Әлеуметтік-даму қорытындысна сай Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарына енді.

Өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр.

• Инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 80,3 млрд.теңге, жеке көздерден 247,6 млрд.теңге.

• Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге немесе 139,7 пайызды құрады.

• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз.

• Жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз.

• Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты.

• Байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені немесе 4,6 пайызға артты.

Премьер-Министр жыл соңына дейін іскерлік белсенділікті ынталандыру және экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

«Ірі кәсіпорындарға өндірістік жоспарларын іске асыруы үшін қолдау көрсетуді күшейту керек. Мәселені жан-жақты талдап, олардың айналым қаражаты, инфрақұрылым, логистика және өнімді сату бойынша проблемалық сұрақтарын шешуді қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Онымен қоса үкімет басшысы шикізаттық емес секторларда: соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, көлік, логистика IT, туризм және басқа салаларда инвестициялық жобалардың санын арттыру керек екенін тілге тиек етті.

Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту туралы тапсырмасына сай жергілікті жерде атқарылып жатқан шаруаларда оң өсім бар.