Түркістан: 1500-ден астам әскерге шақырылушы зерделеуден өтті

164
фото Егемен

Түркістан облысында 1500-ден астам әскерге шақырылушы зерделеуден өтті. Бұл туралы брифингте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев айтты. Сөзінше, жыл сайын елімізде әскерге шақырылатын 17 мың азаматтың 4 мыңы Түркістан облысынан жіберіледі.

Мәселен биылдың өзінде наурыз айынан бастап 2 мыңнан аса азамат Отан алдындағы әскери борышын өтеуге жөнелтілді. Жалпы 14 мыңға жуық адам зерделеуден өтуі керек. Ал 2000-нан аса азамат әскерге шақырылуы тиіс.

Бүгінде 1500-ден астам азамат зерделеуден өтіп, 692 азамат іріктелді. Қазіргі таңда жеке істері жинақталып жатыр.