Сарыағашта 7 ауылға газ тартылды

23

Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстар барысы қорытыланды. Биыл аймақта 7 ауыл газбен қамтылған.

Нәтижесінде 49 елді мекен көгілдір отынға қосылып, меже 76,5 пайызға жетті. Өткен жылы Тегісшіл, Таскескен, Таскескен – 2, Мәдениет, Жылысу сынды 5 ауылға газ кіргізілген еді. Биыл бұз тізімге Жаңаталап, Алғабас, Ақ үй, Дастан, Құркелес, Дарбаза, Шымырбай елді мекені қосылды.

Сонымен қатар шалғай аймақтарды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жаңа АГТС-тің жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Құрылысы аяқталса 5 елді мекендегі 2748 тұрғын көгілдір отынмен қамтылады деп жоспарланған.