Шымкент: Қала орталығындағы көшеде көлік өртеніп кетті

62

 

Қала орталығында көлік өртеніп кетті. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған. Оқиға 10 желтоқсан күні кешкі уақытта Әл-Фараби ауданында, адам көп жүретін аумақтардың бірінде, Mega planet сауда ойын-сауық орталығынан алыс емес жерде орын алған.

«Ауди» маркалы көлік жүріп келе жатып өртеніп кеткен, өрттің неден шыққаны белгісіз. Бастапқыда көлік иесі өртпен күресуге тырысқан көрінеді. Ол өтіп бара жатқан адамдарды көмекке шақырған.

Кадрда бірнеше жігіттің шелекпен су тасып өртті қалай сөндіруге тырысқаны көрінеді. Оқиға орнына құтқарушылар кейінірек жетті.

«Кәмшат» дәмханасының алдында «Audi-100» көлігінің мотор бөлігі өртенді. Өрт 19:56-да оқшауланып, 20:03-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнына ТЖД (9 қызметкер мен 2 бірлік техника), ТЖД (3 қызметкер және 1 техника) жұмылдырылды», – деп хабарлады  Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар туралы департаментіндегілер.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.