Úı ANONS Шымкенттік құтқарушылар үш баланы өрттен аман алып шықты

Шымкенттік құтқарушылар үш баланы өрттен аман алып шықты

Шымкенттік құтқарушылар үш баланы өрттен аман алып шықты. 15 желтоқсанда таңғы тоғыз жарымдар шамасында Ә. Жангелдин көшесінің бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі бірінші қабаттан соңғы қабатқа дейінгі электр сымдары өртенді.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді. Өрт 9:50-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Өртті сөндіру кезінде үш бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өртті сөндіруге 4 бірлік өрт техникасы, жеке құрамнан 14 адам, апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды.