Úı ANONS Халықаралық валюта қоры Қазақстандағы екі апталық жұмысын бастады

Халықаралық валюта қоры Қазақстандағы екі апталық жұмысын бастады

Халықаралық валюта қорының миссиясы Қазақстандағы екі апталық жұмысын бастады.

«Техникалық көмек шеңберінде шетелдік сарапшылар бюджет-салық саласының ашықтық деңгейін бағалайды. Атап айтқанда, бюджеттік есептілікті, салық-бюджеттік болжамдарды және бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тәуекелдерді талдау мен басқаруды, сондай-ақ табиғи ресурстардан түсетін түсімдерді басқаруды зерделеу жоспарлануда», — деп жазылған ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.

Бүгін ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Халықаралық валюта қорының бюджеттік мәселелер жөніндегі департаментінің аға экономисі — миссия басшысы Саже Де Клеркпен кездесті.
Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Жоғары аудиторлық палатаның, Экономикалық зерттеулер институтының және ХВҚ өкілдері қатысты.
Ұлттық экономика вице-министрі Әмрин атап өткендей, ХВҚ-ның бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдары бюджет-салық саясатын одан әрі жетілдіру шеңберінде, оның ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу кезінде пайдаланылады.
Халықаралық валюта қорының миссиясы 6 ақпанға дейін жалғасады.
ХВҚ сарапшылары сенат депутаттарымен, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.