Қалалық сайлау комиссиясы кәсіби негізде жұмыс істейді

182

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жаңа жылдан бастап қоғамдық емес, кәсіби негізде жұмыс істей бастады. Бұл дегеніміз жаңа құрылым тек сайлау науқанында ғана емес тұрақты түрде жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар, сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары, хатшы және де өзге комиссия мүшелеріне жалақы тағайындалды.

Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «2023 жылдан бастап сайлау комиссиясы кәсіби негізде жұмыс істеп жатырмыз. Бұрын қоғамдық негізде,  сайлау науқаны басталғанда мектептен ұстаздарды жұмысқа тартатын едік. Жаңа құрылымда заңгер, БАҚ жұмыс істейтін қызметкер,  учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін оқытатын маман да болады».