Шымкентте биыл 6 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады

24

Шымкентте жыл соңына дейін Тассай, Тұран, Асар-2, Сәуле, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай және Бозарық елдімекендерінде газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталып, халық табиғи газбен қамтылады.

Қазір қала әкімдігі тарапынан тағы 8 елді мекенді көгілдір отынмен қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ мегаполисте өткен жылы тұрғындарды электр энергиясымен қамту көрсеткіші де едәуір артқан еді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде Солтүстік саяжай, Тұран-2, Сәуле, Жаңаталап, Нұртас, Достық, Еңбекші, Бозарық елді мекендерінен 66 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатына қосылды.