Жаңа кен орындарын табу үшін ондаған миллиард теңге бөлінбек

34
фото Егемен

Елімізде жаңа кен орындарын іздеу үшін Мұғалжар, Жарқын, Болашақ, Солтүстік өзен секілді 5 учаске анықталды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының хабарлауынша, ол жерлерде мұнай мен көгілдір отынның мол қоры болуы мүмкін.

Геологиялық зерттеулерді жүргізу үшін арнайы жол картасы әзірленген.Өйткені бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздегі қорлар сарқылып, кен орындарында өндіріс көлемі азайып жатқандығын мәлімдеген еді. Енді жаңа кен орындарын табу үшін ондаған миллиард теңге бөлінбек.