Жұмысшылар құқығын қосымша қорғауға қатысты жаңа нормалар енгізілді

86
Кәсіпорын

Елімізде жұмысшылар құқығын қосымша қорғауға қатысты жаңа нормалар енгізілді. Сенат еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады. Құжат еңбек дауларын реттеп, келіссөздер үрдісін ұйымдастыруға қатысты заңнаманы жетілдіру үшін әзірленіп отыр. Жаңа түзетулер кәсіподақтардың рөлін реттеуге де қатысты.

Жиналыстар немесе қандай жағдайда ескерту ереуілдерін өткізуге болады деген сұрақтарды да қамтиды. Заң аясында келісу және татуластыру комиссиясының мәртебесі күшейтіледі.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: «Соған сәйкес әзірленген бұл заң осы саладағы отандық заңнаманы жетілдіруді көздейді. Жалпы дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдану – құқықтық саясатты дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Осы заң арқылы жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі қайта қаралады».