Өндірісте жазатайым оқиғалар толастар емес

44
Зардап шеккен жолаушылар

Елде өндірістік жарақаттану деңгейі 4%-ке төмендеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы өндіріс орындарында 1500-ге жуық адам зардап шегіп, 202 азамат қайтыс болған.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, елдегі өндірістік орындарында «жарақат алу» қаупі жоғары аймақтар бар. Әсіресе мұндай жағдайлар Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жиі орын алады. Ал оқыс оқиғаға көбінесе кен, металлургия, құрылыс саласының еңбеккерлері тап болып жатады. Жыл басынан бері 300-ден астам адам зардап шегіп, 32 азамат қайтыс болған.

Статистикаға сүйенсек, жазатайым оқиғалардың үштен бірі еңбеккерлердің өз абайсыздығы мен алаңғасарлығынан болады. Сондай-ақ, жұмыс процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы да оқыс жағдайларға әкеледі. Мамандар, жұмыскерлермен қатар кәсіпорын басшылығын да қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырады.