Полиэтилен өндірісіне 7,6 млрд доллар инвестиция тартылды

22

Ресейлік «СИБУР» және «ҚазМұнайГаз» мұнай-химия компаниясының бірлескен кәсіпорны «Силлено» полиэтилен өндіретін газ-химия кешенінің құрылысына 7,6 миллиард доллар инвестиция тартылады.

Бұл туралы «Ірі мұнай-газ және мұнай-газ химиясы жобаларын дамыту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасында айтылған. Жобада интеграцияланған газ-химия кешенінің қуаты 1,25 миллион тонна болады делінген.

Алпауыт кәсіпорынды 2023-2028 жылдар аралығында салу жоспарланған. Қаржыландыру көзі ретінде жеке және заем қаражаттары көзделген.