Ескі қаладағы үш көшеге асфальт төселді

51

Ескі қала тұрғындары, өтініштерін әкімдіктегілер және жақында сайланған депутаттар ескергеніне дән риза. Аумақта кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген Балалар, Ирек және Қоқан көшелеріне асфальт төселді. Ал жылдың соңына дейін Амангелді мен Қисық көшелері тегістелмек.

3 мың халық қоныстанған ескі қалада өткел, тұйық жалпы 49 көше бар. Тұрғындар «жылдан жылға тұрмысымыз жақсарып келеді. Президенттің «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында арыз-шағымдарымыз назардан тыс қалмай, өтініштеріміз кезеңімен орындалуда. Көп жылдары қараусыз қалған ойдым, шұңқыр көшелеріміз тегістеліп, асфальт төселуде»,- дейді
Атхамбек Сайдуллаев, Ирек көшесінің тұрғыны: «Мына жерде бұрын қоқыс алаңы болатын, екі жыл болды балалар алаңшасы бой көтерді.К өшелерімізге асфальт төсеп жатыр. Мен Ирек көшесінде тұрамын, қазір көшеміз теп-тегіс».

Қахраман Миркасимов, Ескі қаланың ауыл биі: «Бізге көп жәрдем, қолдау көрсеткен депутат Дария Пернешқызына алғысымыз шексіз. Көшеміз тозды, жөндеуді қажет етеді деп барлық жерде мәселені көтерген едік».

«Аймақ тұрғындарының ауызбіршілігінің арқасында елдімекендегі көптеген мәселелер дер кезінде шешілуде»,- дейді жергілікті халық. Ал елді ынтымаққа шақырып, бірлікте еңбек етуге үндеген ауыл биі Қахраман Миркасимов, «ел біріксе, алынбайтын қамал жоқ»,- дейді.

Кахраман Миркасимов, Ескі қаланың ауыл биі: «Тұрғындармен ақылдасып, ортадан ақша жинап, 300 мың теңгеге электр темірбетон бағаналарын орнаттық, 15 прожектордан көшелерге орнаттық».

Мердігер мекеме Ирек, Қоқан және Балалар көше жолы үстіне тағы екінші қабат асфальт төселетінін жеткізді.

Азамат Бибеков, мердігер мекеменің өкілі: «Осы аптаға дейін аяқтаймыз. Асфальттің қалыңдығы 10 см блады. Жартысын төсеп қойдық, жартысын алдыңғы күндері төсейміз».

Асфальтқа қол жеткізіп, қуанышқа бөленген тұрғындар, енді қазынадан қаражат табылса, жергілікті билік кәріз жүйесінің мәселесін шешіп, екі жыл бұрын бой көтерген балалар алаңшасының төсенішін жаңалауға қолдау көрсетсе дейді.