Шымкентте базар маңындағы трансформатор өртеніп кетті

2846

Шымкентте «Автонұр» базары маңындағы аялдамада трансформатор өртенді. Оқиға бүгін, 6 маусымда болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне сағат 14.48-де Темірлан тас жолы бойында «Автонұр» аялдамасының жанында трансформаторда өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер трансформатордың және сауда дүңгіршегінің  жануы орын алғанын анықтады. Мамандардың  кәсіби түрде  тез арада әрекет етуінің нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, қызыл жалын сағат 15.06-да толығымен сөндірілді. Оған өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 30 адам, 5 техника жұмылдырылды.

Өрттің көлемі 2 шаршы метрді құрады.  Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.