Тұрмыстық техника сататын дүкеннің қоймасы толығымен жанып кетті

38

 

Шымкентте алапат өрт орын алды. Ордабасы алаңы аумағында қою қара түтін аспанға атылуда. Тұрғындар оқиғаның видеосын жариялап жатыр. Кадрларда қораптардың жалынға оранғанын көруге болады.

ТЖД-дан ресми ақпараты бойынша 17.07.2023 жылы сағат 15:24-те Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Төле би көшесі нөмірсіз мекенжайда орналасқан 2-қабатты тұрмыстық техника сататын «Темірлан» дүкенінің көлемі 150 ш.м. шатыры (ғимараттың жалпы ауданы 950 шаршы метр, шатыры шиферден) және жапсарлана соғылған жалпы көлемі 650 ш.м. қойма толығымен жанып кетті. Өрт сағат 16:45-те оқшауланды.
Оқиға орнына ТЖД 62 қызметкер мен 17 дана техника, АМО 3 қызметкер мен 1 дана техника жұмылдырылды.