Дер кезінде көмек көрсетілген науқас аман қалды

47

 

Қалалық №2 ауруханасына 31-шілде күні сағат 17:40-та жедел жәрдем арқылы 55-жастағы азамат келіп түскен. Келген кездегі шағымы туыстарының айтуынша, жұмыс орнында есінен танып құлаған. Салдарынан сол жақ аяқ-қолы салданып қалған.

Қабылдау бөлімінде науқасты инсульт орталығының невропатолог дәрігері Қарақұл Арман Қамшыбекұлы және қарқынды емдеу блогының реаниматолог дәрігері Панов Мақсат Бауыржанұлы қабылдап алған. Дәрігерлер жіті тексерудін барысында науқастан инсульт белгілерін анықтаған.

Тексеру барысында анықталғаны есі анық емес (сопор), сол жақ аяқ қолдың салдануы анықталды, жедел түрде компьютерлік томографиялық тексеру жасалып, нәтижесінде ишемиялық ошақтардың болмауына және де инсульт белгілерінің басталғанына 1 сағаттай болғанына байланысты (терапиялық терезе 4,5 сағатқа дейін, яғни тромболизистік терапия жүргізуге қолайлы уақыт) жедел түрде тромболизистік терапия жүргізілді (Актилизе дәрісімен, бұл дәрі МӘМС жүйесі бойынша ТМД мемлекеттерінің ішінде тек Қазақстанда ғана тегін беріледі, бір флаконның құны 150 мың теңгені құрайды, әр науқасқа 2 флакон дәрі жұмасалады). Ем-шара жүргізілгеннен кейін, науқас 6 сағаттан соң есін жинап, сол жақ аяқ-қолдың қызметі толығымен қалпына келді.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, өз өзіне қызмет ете алады, үйге шығуға дайындалып жатыр. Инсульт белгілері пайда болған науқастарда уақыт ол алтыннан да қымбат, науқас қаншалықты ерте, дер кезінде медициналық көмекке жүгінсе, емнің нәтижесі де соншалықты жақсы болады, мүгедектікке жол азаяды.