Шымкентте базар артындағы ғимарат өртеніп кетті

388

Шымкентте «Самал» базарының артында орналасқан ғимарат отқа оранды. Өрт туралы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» диспетчерлік пультіне 1 тамызда  сағат 10.37-де хабарлама келіп түскен.

Ведомство мәліметінше, аумағы 60 шаршы метр ғимараттың шатыры толығымен жанып кеткен және жанында тұрған «KIA OPTIMA» маркалы жеңіл автокөлігінің алдыңғы бөлігі еріген.

Өрт сағат 10:55-те оқшауланып, сағат 11:05-те толығымен сөндірілді. Оны сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің  12 қызметкері мен 3 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.