Шымкентте сарай мен «Газель» өртеніп, 2 адам мерт болды

480

Шымкентте Циалковский көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт орын алды.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 100 шаршы метр аумақты алатын алаңда құлау орын алғандығын анықтаған. Соның салдарынан 60 шаршы метрлік алаңда автомобиль сұйықтықтарын жинақтауға арналған жақын орналасқан сарай, жолаушылар «Газелі» және шатырдың астында орналасқан автомобиль сұйықтықтары (антифриз, тосол)   толығымен өртеніп кеткен.

Өрт 05-18-де оқшауланып, 06-18-де сөндірілді. Оны сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы тартылды. Оқиға орнынан 1953 жылы және 1985 жылы туған ер азаматтардың мәйіті табылды.

Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.