Шымкентте тұрғын үй толығымен өртеніп кетті

347

Шымкентте Айсүгір көшесі бойындағы аумағы 120 шаршы метр жерді алып жатқан тұрғын үй толығымен өртеніп кетті. Салдарынан бір ер адам зардап шекті.

Өрт туралы «101» басқару пультіне  8 тамызда сағат 18.57-де хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің толығымен, ішіндегі үй заттары, жиһазы, тұрмыстық техникасы жанып жатқандығын анықтады. Сондай-ақ үйдің ішінде газ баллоны болған.

№2 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Ғалымжан  Битанов 50 литрлік газ баллонды қауіпсіз аймаққа алып шығарды.

Өрт 19.23-те оқшауланып, 19.42-де сөндірілді. Қызыл жалынды сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің 20 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрттің салдарынан 1992 жылы туған ер адам 19 % күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық.

Қалалық ТЖД мәліметінше, қазіргі таңда өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда.