Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті

26

Келес ауданында жасөспірімдер арасында орын алған келіспеушілік бойынша Түркістан облысы ПД бірден оқиға орнына шығып, тиісті қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, ҚР ІІМ Е.Саденовтің тапсырмасымен мектептің мәжіліс залында ауқымды жиналыс өтті.

Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы, яғни Тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмахан, Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов қатысты. Оған қоса облыс прокуратурасының өкілі, аудан әкімі, аудан прокуроры, адами әлеуетті дамыту басқармасы, мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушылары, ата-аналар, зиялы қауым, депутаттар, жергілікті тұрғындар да қатысты.

Іс-шарада полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылуы қажет мәселелерді көтеріп, заң аясында түсіндірме жүргізді. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы теріс әрекеттердің алдын алу бойынша ұсыныстар тыңдалып, бірқатар сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетсек, күні кеше орын алған жоғары сынып оқушыларының жанжалына байланысты полицейлер саптық байқау өткізіп, күшейтілген режимде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігімен (Бұзақылық) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жайттың толық тексерілуі облыстың бас полицейінің қатаң бақылауында.